Басты бет

«Жас проект» жастар жобасы Жамбылда

Бүгінгі таңда жастардың өзін-өзі дамытып, қоғамға үлес қосуы үшін мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер қарастырылған. Сондай жобалардың бірі − дүниежүзілік қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүзеге асқан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жас проект» жобасы. «Өткен жылы аталған жоба Алматы, Павлодар, Түркістан және Қарағанды облыстарында өз бастауын алды. Ал ағымдағы жылы Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғасын тапты. Мұнда әрқайсысы 1 миллион теңгеден болатын 1000 жоба бар. Ал ол жобаға қатысу үшін 3,4,5 адамнан команда құрылуы керек. Жобаның жалпы мақсаты жұмыссыз жастарға қолдау көрсетуге және айлық табысы аз адамдарға көмек беруге бағытталған. Мұнда жастарға алты ай бойы әлеуметтік көмек көрсету тегін. Мәселен жобаға қатысқан орта білімі бар азаматтың айлығы 40 мың теңге болса, жоғары білімі бар жастар үшін 60 мың теңге. Бұл күнде Жамбыл облысынан 300-ден астам жоба тіркелген», − дейді «Жас проект» жастар жобасының оқыту менеджері Абзал Есіркепов.

Жалпы, елімізде жастарға арналған көптеген жобалар бар. Егер олар жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеп жатса, нұр үстіне нұр, әрине. Дегенмен, көп нәрсе жастардың өзіне де байланысты екенін ұмытпағанымыз абзал болар.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close