Мәдениет

Жамбыл облыстық филармониясына Кенен Әзірбаевтың есімі берілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 тамыздағы №485 Қаулысымен Жамбыл облыстық филармониясына Кенен Әзірбаевтың есімі берілді. Сонымен қатар, Тараз қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Ықылас Дүкенұлы және Тараз қалалық білім бөліміне қарасты №10 орта мектеп Сағадат Нұрмағамбетов есімдерін иеленді. Есімдері мекемелерге берілген үш тұлғаның да қазақ тарихындағы орны айрықша. Кенен Әзірбаев екі мәрте Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған көрнекті ақын, композитор ретінде белгілі болса, Ықылас Дүкенұлы қазақ күй өнерінің құдіретін танытқан тұлға. Ал Сағадат Нұрмағамбетов еліміздің алғашқы Қорғаныс министрі болып, мемлекеттік деңгейде қызмет атқарған азамат.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close