Спорт

Зүлфия Ғабидуллинамен кездесу өтті

Жуырда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Паралимпиада ойындарының чемпионы, республикалық «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Зүлфия Ғабидуллина және тоғызқұмалақ ойынынан ел чемпионы Бекзат Таласбаев облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұжымымен және оқырмандармен кездесті.

«Өмірге құштар жандар» атты кездесу барысында спортшылар өздерінің өмір жолдары мен спортқа қалай келгені туралы айтып берді. Сұрақ-жауап кезеңінде Зүлфия мен Бекзатқа қойылған сұрақтар аз болмады. Кітапхана қызметкерлері Тұрсынкүл Базарбаева, Фарида Медерқұлова, Қарлығаш Битөриева, оқырман Ербол Бегімов түрлі сауалдар қойып, спортшылар өмірінен көп нәрсе білгісі келетіндерін аңғартты. Олар қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Шара соңында аталған кітапхана директорының міндетін атқарушы Нұржаһан Керімбекова мен әдіскер Фарида Медерқұлова ұжым қызметкерлері мен оқырмандар тарапынан екі спортшыға алғысын айтып, сый-құрмет көрсетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close