Жаңалықтар

ТАРАЗДА КОНГРЕСС ХОЛЛ МЕН НЕКЕ САРАЙЫ САЛЫНАДЫ

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасына сәйкес облыста 27 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл туралы облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаев мәлімдеді.

«Оның ішіне жаңа парктер мен бақтар, демалыс аймағы мен «Ежелгі Тараз» археологиялық паркінің маңындағы бірнеше мұражай ғимараттар, «Шахристан» этно-тарихи кешені және басқа да объектілер кіреді. Сондай-ақ Тараз қаласында Неке сарайы, Конгресс-холл, Оқушылар сарайы, «Ретрофестиваль» амфитеатры салынады», – деді ол.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close