Жаңалықтар

ШАХРИСТАН БАЗАРЫ МӘДЕНИ–ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛАДЫ

Тараздағы Шахристан базарының аумағы мәдени-демалыс орталығына айналады, – деп хабарлайды «Aqparaq» порталы.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен бұл жерде музей, көркем сурет галереясы, қолөнер шеберханасы, көрме, руханият орталығы, мейрамхана, амфитеатр және көлемді сағат стелласы бой көтеретін болады.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің алдындағы ескі субұрқақтардың орнына түрлі-түсті әуен ырғағына сай қозғалатын жаңа фонтандар іске қосылады.

Бүгінгі таңда эскиздік жобалар әзірленуде. Ал құрылыс жұмыстары маусым айында басталып, қыркүйекте аяқталады деп жоспарланған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close