Жаңалықтар

ҚҰРБАН АЙТТА ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАЛАЙ ДЕМАЛАДЫ?

Қазақстандықтар Құрбан айтта бір күн демалады, деп хабарлайды «Aqparaq» порталы. Биыл Құрбан айттың бірінші күні сейсенбі – 21 тамызға тура келеді. Ал заңнамаға сәйкес діни мерекенің бірінші күні демалыс болып есептеледі.

Сондай-ақ, Конституция күніне орай күнтізбеде демалыс деп белгіленген 30 тамыз биыл бейсенбіге сәйкес келеді. Сол себепті, сенбі 25 тамыз жұмыс күні деп жарияланып, ондағы демалыс 31 тамыз, жұмаға ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 30-31 тамыз (бейсенбі, жұма) және 1-2 қыркүйек (сенбі-жексенбі) күндері қатарынан 4 күн демалады. 

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close