ЖаңалықтарМәдениет

Айтматов шығармасы сахналанды

Әйгілі жазушы, қырғыз халқының ұлы перзенті Шыңғыс Айтматовтың туғанына биыл 90 жыл. Осыған орай көрші Қырғыз елінен Қырғызстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы Сұлтан Раев бастаған азаматтар Жамбыл өңіріне келді, – деп хабарлайды «Aqparaq» порталы. Құрметті қонақтарды Тараз қаласының шығыс қақпасынан Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев бастаған өнер ұжымы қазақы салтпен қарсы алды. Меймандарға жергілікті азаматтар Әулиеата жерінің дәмін ұсынып, құрмет көрсетті. Осы күні Жамбыл облыстық орыс драма театрында аталған театр актерлерінің қатысуымен Сұлтан Раевтың Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романының инсценировкасы негізінде жазылған «Найман ана» нақылдама драмасы қойылды.

Драманың қоюшы-режиссері Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Айтматов атындағы Жастар сыйлығының иегері, Халықаралық «Жаңа кино» кинофестиваліндегі «Азаматтық ерлігі үшін» номинациясының дипломанты Нұрлан Әбдіқадыров және қоюшы-суретші Рахат Сапаралиева. Аталған драманы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, облыстық және қалалық әкімдіктердің өкілдері мен тараздық қалың көпшілік арнайы келіп тамашалады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close