ЖаңалықтарСаясат

Жамбылда «Жерлестер» форумы өтеді

Жуырда Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғалидың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Берік Уәлиұлы басқарманың соңғы тоғыз айда атқарған жұмыстары туралы БАҚ өкілдерінің алдында баяндады.

Басқарма басшысы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыруды тікелей үйлестіріп келе жатқанын, аталған бағдарлама аясында басқарманың ұйтқы болуымен  халықты рухани тұрғыда байыту мақсатында республикалық деңгейдегі танымал азаматтар мен зиялы тұлғалар өңірге шақырылып, олармен кездесулер мен өзге де ауқымды шаралар өткізу қолға алынғанын атап өтті. Бұл орайда Берік Құрманғали облыстық ішкі саясат басқармасы «Жерлестер» форумын өткізуді қолға алып отырғанын жеткізді.

Конференция соңында Берік Құрманғали басқарманың бірқатар жоспарларымен бөлісті. Ағымдағы жылдың қазан-қараша айында Жамбыл өңірінде «Жерлестер» форумымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты сарапшыларының қатысуымен семинар-тренинг, Алаш әскерінің құрылғанына жүз жыл толуына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. Сонымен қатар, басқарманың бастамасымен желтоқсан айында Тұңғыш Президент күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция мен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс ұйымдастырылады. Ал сөз соңында Берік Уәлиұлы жуырда Астана қаласында өткен кеңесте еліміздің Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының ұсынысын қолдап, соның негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша алғашқы республикалық көшпелі семинар Әулиеата өңірінде өтетінін мәлімдеді.

Жамбыл облысы

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close