Басты бетЖаңалықтарСаясат

Елбасы Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичпен кездесті

Елбасы Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичпен кездесті, деп хабарлайды «Ақпарақ» АА Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы өзара байланыстардың достық сипатын атап өтіп, оны одан әрі дамыту қажеттігін айтты.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасында достық пен ынтымақтастықты және бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Александр Вучичті І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

А. Вучич Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжайлық көрсетіп қарсы алғаны үшін және халықаралық аренада Сербияға жан-жақты қолдау білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, Қазақстан Президентін ең жоғары мемлекеттік деңгейдегі І дәрежелі «Сербия Республикасының Орденімен» марапаттады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close