Басты бетЖаңалықтар

Мемлекеттік хатшы Тараз Мемлекеттік университетінің мерейтойына қатысты

Таяуда М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің құрылғанына 60 жыл толуына орай аталған жоғары оқу орнындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент залында университеттің Байқау кеңесінің отырысы өтіп, оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Бұдан кейін Гүлшара Наушақызы ТарМУ технологиялық кешенінің алаңшасынан бой көтерген «Универсиет шежіресі» атты монументтің ашылу салтанатына қатысты. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде универсиет ұжымын және студенттерді меретойымен құттықтап, бүгінде жастардың сапалы білім алуына мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы ТарМУ спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысып, университет ректоры Махметғали Сарыбековпен бірге кешеннің лентасын қиды.

Елбасы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде жастарды жатақханамен қамту жайын баса айтқан болатын. Бүгінде студенттерді жатақханамен қамту мәселесінде Тараз Мемлекеттік университеті жақсы үрдісті бастады. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова ТарМУ гидрокешенінде де болып, жаңа студенттік жатақхананың алғашқы тасын қалау рәсіміне қатысты. Болашақта бой көтеретін жатақхана «ПИКО» құрылыс компаниясымен бірге салынады. Бұл ретте ректор Махметғали Сарыбеков аталған жатақхананың құрылысы 2019 жылы қаңтар айында басталып, 2020 жылы аяқталатынын айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close