Басты бетЖаңалықтарСаясат

Таразда Елбасы Жолдауын іске асыруға арналған облыстық актив жиналысы өтті

Жуырда Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға арналған облыстық  актив  жиналысы өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА. Алқалы жиынға облыс және аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің және жоғары оқу орындарының басшыларымен қатар, түрлі сала өкілдері қатысты. Мыңға тарта адам қатысқан жиында Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов баяндама жасап, басты құжат аясында Әулиеата өңірінде атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жоспарлы жұмыстар туралы xабарлады.

Асқар Мырзахметов өз сөзінде қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Жолдаудың маңыздылығын атап өтіп, ондағы халық табысының өсуі, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру,  азаматтар сұранысына бейімделген мемлекеттік  аппарат, тиімді сыртқы саясат және әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістер үдерістеріне атсалысуы секілді алты басымдыққа жекелей тоқталды. Жолдау аясында Жамбыл облысында әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның ішінде баспана, сапалы білім, денсаулық сақтау салалары туралы да айтып өтті.

Жиында сондай-ақ өзге азаматтар да сөз салып, Елбасы Жолдауындағы игі мақсаттарды зор ықыласпен қабылдағандарын жеткізіп, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close