Басты бетЖаңалықтар

Таразда Елбасы Жолдауын түсіндіруге арналған қалалық актив жиыны өтті

Бүгін Тараз қалалық мәдениет үйінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіруге және жүзеге асыруға арналған қалалық актив жиыны өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков жүргізген актив жиналысына зиялы қауым өкілдері, облыстық, қалалық ақпараттық топтардың мүшелері, саяси партиялар, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында Тараз қаласының әкімі Ғ.Әбдірайымов баяндама жасап, Елбасы Жолдауының басым бағыттары мен облыс орталығында іске асырылуы хақында айтып өтсе, жарыссөзге шыққан өзге азаматтар да өз пікірін айтып, алған әсерімен бөлісіп жатты. Жалпы, жиын ұйымдасқан түрде, жоғары деңгейде өтті деуге болады. Ал жиынды қорытындылаған Б.Орынбеков Жолдау жүктеген міндеттерді сөзбен емес, іспен жүзеге асыруға шақырды. Әсіресе, «Жастар жылында» флешмобтар емес, жастарды жұмысқа орналастыру, бизнес ашуға қолғабыс ету, пәтер мәселесін шешу сынды нақты істер жасаған жөн деді ол.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close