Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Ауызсу мәселесі – басты назарда

Жуырда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен жиын өтіп, онда көптеген ауылдарда көптен шешілмей келе жатқан ауызсу  мәселесі қаузалған болатын, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жиында Жамбыл облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында 4  қала бойынша орталықтандырылған ауызсумен қамту көрсеткіші 84,7 пайызды құрағанын айта келе, қалалар бойынша бұл көрсеткішті 2018 жылдың аяғына дейін 86 пайызға жеткізу көзделгенін жеткізді. Ол үшін Тараздың «Бурыл А, Б, В» тұрғын алқабындағы сервистік желілердің құрылысына ағымдағы жылы республикалық және облыстық бюджеттен 334,6 миллион теңге бөлініп, нәтижесінде ұзындығы 46,2 шақырым болатын құбыр жүйелері жүргізіліп жатқан көрінеді. Сонымен қатар, аталған алқаптың 12,3 шақырым су құбыры желілерін кеңейтуге арналған жалпы құны 183,5 миллион теңге болатын жобаға облыстық бюджеттен қаржы қарастырылыпты.

Бүгінгі таңда бұл жобаларды тиісті мердігер компаниялар қолға алып, жұмысын бастап та кетіпті. Сондай-ақ, «Тараз су» мекемесі Тараздағы  Қант зауыты аумағында құны 205,6 миллион теңге болатын жоба бойынша 8 көшеге 7,2  шақырым су құбырын тартып отыр. Бұл қаражат қала бюджетінен бөлініп, жұмыстар биыл аяқталатын болады.

Бүгінгі таңда Жамбыл өңірінде облыстық маңызы бар үш қала бар. Қаратау және Жаңатас қалаларында орталықтандырылған ауызсу мәселесі толығымен шешілген. Нұрлан Алдамжаров бұл мәселенің Шу қаласында да шешімін табуы үшін осы бағытта нақты жобалар әзірлену керектігін жеткізді. Ал нақты көрсеткіш бойынша айтсақ, облыстағы 373 елдімекеннің 189 елдімекені немесе 50,7 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Болашақта бұл көрсеткіш өсіп, ауылдар ауызсумен қамтыла беретін болады. Бұл туралы Асқар Мырзахметов өз сөзінде айта келе, мәселенің өз бақылауында екенін жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close