Басты бетЖаңалықтарМәдениетӘлеумет

Таразда «Қазақ ауылы» этножобасы ашылды

Жуырда Таразда «Қазақ ауылы» этножобасының ашылу салтанаты өтті. Ұлтымыздың салт-дәстүрін таныту мақсатында «Төрткүл» керуен сарайында ұйымдастырылған жоба барысында шетелден келген қонақтар ұлтымыздың ұлы құндылықтарымен танысты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Иә, расында Әулиеата өңірінде тарихи жерлер аз емес. Оған және шетелдік қонақтар да қызығушылық танытып, жиі келіп тұрады. Бұл жолы да Италия, Голландия, Франция, Қытай, Ресей, Өзбекстан сияқты 19 мемлекеттен келген туристер аймақтағы Ақыртас кешені, Айша бибі кесенесі секілді тарихи орындарды аралаған болатын. Енді міне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көне Тараз жерінде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Қазақ ауылы» этножобасын тамашалауға келді.

Жобаның ашылу салтанатында қазақ музыкалық және театр өнерінің фестивальдері, жергілікті қолөнер шеберлерінің мастер-кластары, ұлттық тағамдар, қолөнер және көркемөнер көрмелері, этникалық музыкалық фестивальдер мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, шетелдік туристер «Дәстүрлі аң аулау түрлері», «Ұлттық ойындар», «Ұлттық тағам», «Қазақ музыкалық-театр өнері» және «Қолөнершілер» секторларынан ұлтымызға тән ерекшелігін көріп, жергілікті қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан тұрмыстық бұйымдарға да ерекше қызығушылық танытты.

Осылайша, шетелдік қонақтар ұлтымыздың салт-санасымен, дәстүрімен танысуға мол мүмкіндік алды. Ал бұл, біз үшін, әлемге танылудың бір мүмкіндігі деуге болатын шығар.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close