Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Цифрландыру аясында атқарылған іс ауқымды

Жуырда Жамбыл облысы әкімдігінде облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен өңірлік жобалық басқару офисінің жұмысы және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы бойынша жиын өтті, -деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жиында цифрландыру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар талқыланды. Облыстық инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының директоры Д.Сегізбаев күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады. Бүгінге дейін бағларлама аясында 182 534 адам оқыту курсынан өтіп, жоспар 100 пайызға орындалған. Облыс әкімі бұл көрсеткішті жыл соңына дейін тағы да арттыру жолдарын қарастыру керектігін айтты. Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова сала бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Сондай-ақ жиында ауылдық клубтардағы ақпараттық орталықтардың ашылуы, мекемелердің компьютермен қамтылуы секілді мәселелер де сараланды. Жиын соңында Асқар Мырзахметов жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close