Басты бетЖаңалықтарӘлеумет

Бірінші кезекте құрылыстың сапасын қадағалау керек

Жамбыл облысында биылғы жылдың 9 айы ішінде құрылысы салынып жатқан объектілерге 123 тексеру жұмысы жүргізілді, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының берген мәліметіне сүйеніп.

Елбасы өзінің ағымдағы жылдың 5 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына Жолдауында халқымыздың өсіп-өркендеуі үшін бірқатар басымдықтарды жария етті. Соның ішінде, Мемлекет Басшысы құрылыстардың, ғимараттар мен нысандардың сапалы әрі тұрғындарға қауіпсіз болуы үшін бақылау жұмыстарын күшейту, олардың сәулет, қалақұрылыс және құрылыс заңдары мен нормаларына толық сәйкестікте болуы қажеттілігін атап өтті. Бұл, әрине, бірінші кезекте құрылысқа қатысушылар тарапынан, яғни, тапсырысшылар мен мердігерлер, техникалық және авторлық қадағалаушылармен құрылыстың сапасына басты көңіл бөліп, оның берік әрі сенімді болуын қадағалау керек. Осы орайда, Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов облыс аумағында заңсыз бей-берекет құрылыстардың алдын алу мақсатында шаралар қабылдау бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Аудандар мен Тараз қаласында заңсыз, негізгі құжаттарсыз және сапасыз жүргізіліп жатқан құрылыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, бұл бойынша шаралар қабылдануда. Осы уакыт ішінде облыс аумағындағы құрылысы салынып жатқан объектілерге барлығы 123 тексеру жұмыстары жүргізілсе, оның 79-ы жоспардан тыс, 44-і бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысаны бойынша жүргізілді. Бұл ретте, жүргізілген тексерулердің қорытындыларына сәйкес, бұзушылықтар анықталған объектілер бойынша 51 нұсқама берілді және 112 әкімшілік-құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 18 998 298 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close