Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысында 40 келі есірткі заты тәркіленді

Жуырда Меркі және Т.Рысқұлов аудандары аралық Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімдері мен Меркі АІІБ Жергілікті полиция қызметі қызметкерлері «Көкнәр-2018» жедел іздестіру іс-шарасы барысында Меркі ауданынан бұрын ҚР ҚК 259-бабы бойынша сотты болған 57 жастағы Тараз қаласының және 24 жастағы Шу қаласының тұрғындарын ұстады, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА Жамбыл облысы ІІД Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Оқиға орнын қарау барысында екі полипропилен қабына қапталған жалпы салмағы 40 келі аса «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді. Күдіктілер кінәсін толық мойындап, Меркі АІІБ-ның уақытша қамақта ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚҚ 296-бабы 4-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close