Басты бетЖаңалықтар

Таразда Жамбыл облысы үкіметтік емес ұйымдарының форумы өтті

Жуырда Таразда Жамбыл облысы үкіметтік емес ұйымдарының форумы өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА. Облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиын «Азаматтық қоғам және мемлекет: әріптестік пен жауапкершілік» тақырыбында өрбіп, оған сарапшылар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық альянсы, қоғамдық кеңестер, БАҚ, кәсіподақ ұйымдары мен жалпы облыс бойынша үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Форум барысында жергілікті басқарушы орган, үкіметтік емес ұйымдар және кәсіпкерлер арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

Бұл күні, сондай-ақ, үкіметтік емес сектор дамуының өзекті мәселелері бойынша сұхбат алаңдары, жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен кездесулер, пленарлық отырыс ұйымдастырылды.  Онда азаматтық қоғам институттарының, халықаралық ұйымдардың, сарапшы қоғамдастықтың, оның ішінде, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен азаматтық сектордың дамуының өзекті үдерістері талқыланды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close