Басты бетЖаңалықтарСаясат

ҚР Қаржы министрі облыс активімен кездесті

Бүгін ҚР Қаржы министрі Әлиxан Смайылов Жамбыл облысы активімен кездесті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы арқау болған жиынды облыс басшысы Асқар Мырзаxметов жүргізді.

Жиында облыс әкімі Асқар Мырзаxметов Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттер бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етсе, Әлиxан Асxанұлы Жолдауда айтылған тапсырмаларды іске асыруға бағытталған қаражаттың бөлінуі туралы хабардар етті. Сондай-ақ Парламент мәжілісінің депутаты Г.Бижанова, «Тараз-Су» мекемесінің директоры М.Смайылов, ТИГУ ректоры Е.Саурықов сөз алып, Елбасы Жолдауының басым бағыттарына тоқталды. Ал актив жиналысынан соң Қаржы министрі бірқатар нысандарды аралады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close