Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Облыста жылу жүйелері жаңартылды

Жамбыл облысында жылу жүйелері жаңартылды. Бұл туралы «Тараз жылу тасымалдау» мекемесінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты өткен жиында айтылды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

2016-2018 жылдары электр тораптары және жылу жүйелеріне инвестициялық бағдарлама арқылы заманауи стандартқа сәйкес жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұл бағытқа өткен жылы 50 млн­нан аса қаражат бөлінсе, биыл 60 млн. теңге қарастырылып отыр.

Инвестициялық бағдарлама аясында орнатылған қондырғылар жылу шығындарын азайтып қана қоймай,  жылу энергиясын үнемдеуге де мүмкіншілігі бар. Бұған дейін ескі қондырғыларда жиі ақау шығып,  жылу жүйесі жиі өшіп қалатын еді. Енді жаңа технологиялар мұндай олқылықтарға жол бермеуі керек – дейді мамандар.

Дереккөз: Jambyl tv

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close