Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

ЖЕТІСУДАН ЖАМБЫЛҒА ДЕЙІН

Кеше Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы облысының «Жер жәннаты Жетісу жерінен көне Тараз өңіріне» атты «Рухани керуені» келді, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Әуелі облыс орталығындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешеніне барған қонақтарды шаһар тарихымен Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Тарихи ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» тарих және археология бөлімінің басшысы Сауран Қалиев таныстырып, «Көне Тараз» кешенінің аумағындағы ерте ислам дәуіріндегі мешіт тарихын, Тараз жерінде болған әйгілі Атлах шайқасын, балбал тастардың тағдырын әңгімеледі.

Бұдан кейін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дүйсенбинов бастаған жетісулықтармен кездесіп, қазіргі таңда Жетісу және Әулиеата өңірлерінің арасындағы мәдени байланыстың берік екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында Алматы облысының Құрметті азаматы, актер Әлімғазы Райымбеков, Сұлтан Дүйсенбинов және өзге де азаматтар сөз алып, өз ойларымен бөлісті. Жалпы, керуен мүшелері іс-шара барысында Жамбыл облысының тарихи-мәдени жерлеріне саяхат жасап, тағылымды орындармен танысты. Әрбір нысанның тағдыры мен тарихы туралы әңгімеге қанықты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close