Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

«Желтоқсан толқыны» ─ еліміздегі ең ұзын субұрқақ

Таразда Қала күніне орай көптеген нысандар ашылып, ел игілігіне берілді. Солардың бірі – еліміздегі ең ұзын субұрқақ – Желтоқсан көшесінің бойынан ашылған «Желтоқсан толқыны» субұрқағы, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Тараз төрінен ашылған «Желтоқсан толқыны» субұрқағының ұзындығы 220 метр. Ал қала сәулетін арттырған бұл субұрқақтың алғашқы толқыны 86 санынан басталады. Субұрқақтың екі жағында пырақтың, барыстың және самұрықтың мүсіндері бар. Сәулет өнеріне тән ерекшелікті сақтай отырып салынған субұрқақтың ашылу салтанатына да тараздықтар көптеп жиналды. Көпшілік толқындар субұрқақтың соңына жетіп, кері қайтқанда Тәуелсіздіктің айшығы күн мен бүркітті бейнелейтін бейнесіне айналып, одан әрі Егемендікке ұласатын ерекшелігін тамашалады. Ақ мәрмәр тастан жасалған субұрқақ келушілердің қызығушылығын тудырды. Бұл орайда балалар алаңшасында мерекелік концерт өтіп, қаланың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Өз кезегінде «Палау фестивалі», өңірдегі этномәдени орталықтардың көрмесі мен жәрмеңкесі өтті.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close