Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

Таразда Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылды

Бүгін қала күніне орай «Жеңіс» саябағында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылды, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Халық қаһарманы, Ауған соғысының ардагері, Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев пен Ауған соғысының ардагері, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл арнайы қатысып, нысанның лентасын қиды. Бұдан кейін сөз алып, өткен күннің орны толмас өкінішін шежіреледі. Кезінде Ауғанстан жеріндегі әскери іс-қимылдарға Жамбыл облысынан 2236 жауынгер қатысып, әскери қақтығыстар кезінде 71 жас азаматтың қаза тапқанын, бұл орны толмас өкініш екенін жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close