Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

ТАРАЗДА ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ

Бүгін Таразда Қала күніне орай Жамбыл Жабаевтың ескерткіші ашылды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен шараға Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметов, қала әкімі Ғ.Әбдірайымов және Қоғамдық кеңес мүшелері мен қала тұрғындары қатысты. Ал облыс әкімдігінің алдынан бой көтерген Жамбыл бабамыздың ескерткішін облыстық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Жандар Кәрібайұлы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы ашты. Ескерткіштің биіктігі – 4 метр, салмағы 1,5 тонна.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close