- Қолыңызға байқаусызда «момент» желімін жағып алсаңыз, оны маргариннің көмегімен кетіруге болады. Бар болғаны былғанған жерге жағып, бірнеше минут күту қажет.
- Егер бөлмеңіздің ішінен жағымды иіс шыққанын қаласаңыз, лимонды суға салып қайнатыңыз.
- Жиһаз бен есіктегі, терезедегі әкті кетіру үшін сірке қышқылын пайдаланыңыз.
- Асхана орамалдарын 12 сағатқа ұйыған сүтке салып қойсаңыз, ол жақсы жуылады.
- Сүт піскен кезде төгілмесін десеңіз, пісіретін ыдыстың ішіне сары май жағыңыз.
- Көкөністерді тамақтың суы қайнаған соң ғана салады.
- Қызылшаны жиырма минут ыстық суда пісіріп, артынша суық суға салсаңыз, жылдам піседі.
- Картопты тұзды суға салып қойсаңыз, жылдам аршылады.
- Тұзды картопты қуырып болған соң салған жөн.
- Бадана мен бұршақтың жылдам піскенін қаласаңыз, 12 сағатқа суық суға салып қойыңыз.
- Картоп езілмесін десеңіз, сірке қышқылы қосылған тұзды суда пісіріңіз.
- Қызылшаны қант пен алма сірке қышқылы қосылған суда пісіретін болсаңыз, бояуы шықпайды.
- Көкөністерді дұрыс әзірлеу тәсілі: а) қазанның қақпағы жақсылап жабылуы тиіс; ә) көкөністерді шанышқының көмегімен тесуге болмайды; б) піскен көкөністерді судан бірден алған жөн; в) көкөністерді пісірген кезде суға лимон шырынын тамызу қажет.
- Нанның жанына картоп, тұз қоятын болсаңыз, дәмі көпке дейін сақталады.
- Балды дұрыс таңдау тәсілі: а) таяқ алып, оған бал ораңыз. Қолдан жасалған бал таяққа жағылмайды. Сырғып аға беретін болады; ә) балды саусағыңызбен үйкеп көріңіз. Бірнеше уақыттан соң саусақтарыңыз бұрынғыдай бір-біріне жабыспаса, бұл балға қант қосылғандығын білдіреді; б) тырнағыңыздың ұшына бал жағып көріңіз. Сапалы бал төмен қарай ағып кетпейді.
Дереккөз: Massaget.kz. https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/31711/