Басты бетЖаңалықтарСаясатӘлеумет

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ЕЛ ЕРТЕҢІ

Кеше Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің мәжіліс залында «Латын әліпбиі – ел ертеңі» атты Дөңгелек үстел өтті, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жиынға елімізге белгілі ғалымдар мен тіл мамандарымен қатар облыстың зиялы қауым өкілдері, университет оқытушылары мен студенттер қатысты. Жиынды басқарма басшысы Берік Құрманғали ашып, жүргізіп отырды. Жиында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Түркияның Карабюк университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Энвер Қапаған, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, профессор, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыпов,  Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының орфография бөлімінің басшысы Құралай Күдеринова мен Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» мекемесінің басшысы Ержан Еңсебай ұлттық әліпби үлгісін жасаудағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, ғалымдар қатысушылардың сауалдарына да жан-жақты жауап берді. Өз сөзінде жиынға қатысушы ғалымдар латын әліпбиіне көшудің тиімділігін, заман талабы екенін жеткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close