Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

Таразда «Шеберлер қалашығы» көрмесі өтті

Жуырда Өзбекстан Республикасының Жизақ облысынан келген құрметті қонақтардың қатысуымен Тараз қаласындағы орталық көрме залында «Шеберлер қалашығы» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында өткен көрмеге металл, ағаш, қыш бұйымдарынан жасалған өзбек қолөнері қойылған, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

  Көрменің ашылуында сөз сөйлеген Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбәйра Сембина өзбек ағайындарға алғысын білдіріп, Алғыс хат пен Жамбыл Жабаевтың болмысы бейнеленген кілемшені сыйға тартса, Жамбыл облысы бойынша «Өзбек» этномәдени орталығының президенті Бахром Муминов бүгінгі шара екі ел татулығының көрінісі екенін атап өтті. Ал «Шеберлер қалашығы» атты қолөнер шеберлерінің көрмесіне өзбек елінен арнайы келген миниатюра, кескіндеме өнерінің шебері Шахло Рахматова, ағаш шебері Бунеджон Зоиржонов, зергер Уткир Қудратов сынды танымал азаматтар мен Жамбыл өңірінің қолөнер шеберлері арасында тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аталған шара барысында алдағы уақытта екі елдің қолөнершілерінің мәдени қарым-қатынасын нығайту мақсатында Жамбыл облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев пен Жизақ облыстық өнерпаздар басқармасының басшысы Маратжон Маматқұлов екіжақты меморандумға қол қойды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close