Басты бетЖаңалықтарСаясат

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театрында «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Хатшысы Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық партиясының төрағасы, облыс әкімі Асқар Мырзахметов, партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің, Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, партия Тараз қалалық, аудандық филиалдарынан сайланған делегаттар, этномәдени бірлестік жетекшілері, ҮЕҰ төрағалары, БАҚ жетекшілері, саяси партиялар, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Конференцияда филиалдың соңғы екі жылда атқарған жұмысы талқыланып, БПҰ белсенділігін арттыру, ішкіпартиялық тәртіпті нығайту, партия активінің жауапкершілігін арттыру міндеттері алға қойылды.

Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов партия облыстық филиалының екі жылда атқарған жұмыстары мен жетістіктері және алда тұрған межелі міндеттері жөнінде баяндаса, партия облыстық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Жарылқасын Айтақов атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, партия облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Бақыт Әлмұратов, партия облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бахтияр Алдашов бақылау жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.

Конференцияда партия Меркі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков, партия Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова, партия Жамбыл аудандық филиалы «Жетітөбе» бастауыш партия ұйымының төрайымы Самал Байкеева және облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ал «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының Хатшысы Қаныбек Жұмашев партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Конференция жұмысын партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Асқар Мырзахметов қорытындылады. Соңында партия облыстық филиалы Саяси кеңесінің құрамы сайланып, Саяси кеңестің алғашқы отырысы өтті. Саяси кеңес отырысында партия облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамы сайланды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close