Басты бетЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғам

Жамбылдық кәсіпкерлер Жолдауды қолдайды

Кеше Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Т.Жанке мен Өңірлік кеңестің төрағасы М.Ескендіровтің төрағалығымен жиын өтіп, онда Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын іске асыру барысы туралы айтылды, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА. 

Мәселен, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік Кеңесінің Төрағасы, «Қазфосфат» ЖШС Бас директоры Мұқаш Ескендіров компаниядағы өз қызметкерлерінің еңбек ақысының мөлшерін арттыру ниеті туралы мәлімдесе, облыс әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Серғали Айдапкелов Президент бастамаларын қолдайтынын білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталған бағыттағы жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру үшін облыстық штаб, аудандар мен Тараз қаласында жұмыс топтары құрылған.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, Жамбыл облысында 250-ден астам қызметкері бар 95 кәсіпорында 27 264 адамның жалақысы 50 мың теңгеге дейін болса, 250-ге дейін қызметкері бар 1847 кәсіпорын мен мекемелерде 16 740 адам 42500 теңгеден төмен жалақы алады. Облыстың бірқатар кәсіпорындары Мемлекет басшысының жұмысшылардың жалақысын арттыру жөніндегі бастамасын қолдап, 2018 жылдың 5 қарашасындағы мәліметке сәйкес, облыста 18 кәсіпорында 8860 қызметкердің еңбекақысын көтеру жоспарланып отыр», – деді Серғали Айдапкелов.     
Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы «Әулие-Ата Халықаралық Әуежайы» АҚ өкілі Жомарт Отыншиев мәлімдеді. «Тәуелсіздік жылдарынан бері экономикасы қарқынды дамыған заманауи прогрессивті мемлекет құру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мемлекет экономиканың өркендеуінің негізін құрайтын шағын және орта бизнесті дамыту үшін көптеген жағдай жасады. Осының арқасында халықтың табысы артты, адамдар лайықты жалақы ала бастады немесе өз ісін ашуға және дамытуға мүмкіндік пайда болды. Біздің кәсіпорын да шетте қалмады және Тараз қаласы әуежайы қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосуда. Сонымен, 2017-2018 жылдар аралығында кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін жалақы орташа есеппен 60%-ға артты, бұл кәсіпорын қызметкерлеріне лайықты жалақы алуға мүмкіндік берді, ол облыс бойынша орташа айлық еңбекақымен бәсекеге қабілетті болды. Бұл ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру жоспарына сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 42 мың теңгені құрайтын болады», – деді Жомарт Отыншиев. 

Шағын және орта бизнес өкілдері атынан сөйлеген Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер Кеңесінің төрағасы Айгүл Ақшалова өз сөзінде  Президент бастамаларын қолдайтынын жеткізсе, «Дәмді Себет» ЖШС 2019 жылдың қаңтарынан бастап жалақы көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтты. Ал барлығы 400-ге жуық адам жұмыс істейтін азық-түлік дүкендері желісінің директоры Алмаз Тультаевтың айтуынша, мекемедегі ең төменгі жалақы 47 мың теңгені құрайды екен.

Жалпы, жиын соңында Өңірлік кеңес мүшелері облыстағы барлық кәсіпкер әріптестерін Мемлекет басшысының бастамасын қолдауға және өз қызметкерлерінің жалақысын арттыруға шақырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close