Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНДРОСАЯБАҚҚА АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласындағы Дендросаябаққа Асанбай Асқаровтың есімі берілді. Мұндай тарихи шешім Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысынан кейін қабылданды, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА «ҚазАқпарат» ХАА сілтеме жасап.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Шымкент қалалық мәслихатының  ХІ сессиясында Дендросаябаққа қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың есімін беру туралы ҚР Үкіметіне ұсыныс жіберілген болатын. Бұл ұсыныс Үкіметте қаралып, 23 қазанда қолдау тапты. Айта кетейік, Асанбай Асқаров 1978 жылдан 1985 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы обком партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған. Қаланың көрікті жерінің біріне айналған Дендросаябақ та Асқаровтың тікелей атсалысуымен ашылып, халық игілігіне берілген.

https://www.inform.kz/kz/shymkenttegi-dendrosayabakka-asanbay-askarovtyn-esimi-berildi_a3449491

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close