Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Алдағы күндері елімізде 20 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері Баренц теңізінен елімізге арктикалық ауа массасы келеді. Соған байланысты Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында нағыз қыс орнайды деп хабарлайды «Ақпарақ» АА «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, қазір Қазақстанда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары. Алайда, 8-10 қараша аралығында сынап бағанасы күрт төмендеп, нормадан 3-8 градусқа төмен болады. Сондай-ақ, елде жауын-шашын күтіліп, түрлі аймақтарында көктайғақ болады. Алдағы үш күнде Қазақстанның солтүстігі, шығысы мен орталығында қар жауып, боран болуы ықтимал. Синоптиктер солтүстік-батыста жел күшейетінін де айтып отыр. Бұл аймақтарда ауа температурасы түнде 10-15 градусқа дейін төмендесе, кейбір аудандарда 20 градус аяз болады деп күтілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close