Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТТІ

Жамбыл облысының имамдары аттестациядан өтті. Таразда наиб мүфти Алау Əділбайдың төрағалығымен өткен Сараптау комиссиясының жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

 «Аттестация мақсаты − дін қызметкерінің білімі мен қабілетін айқындау. Білімін дəлелдей алмаған имамды қайта оқыту курсынан өткіземіз», – деді Серікбай қажы Ораз.

Жалпы, Жамбыл облысына қарасты 400-ден астам дін қызметкері арнайы əзірленген электронды тест жүйесімен сынақ тапсырды. ҚМДБ Діни істер бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбеттің айтуынша, электронды тест сұрақтарында ақида, фиқһ, заң, ҚМДБ құрылымына қатысты сауалдар енгізілген. Имамдар, сондайақ, ауызша емтихан тапсырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close