Басты бетҚоғамӘлеумет

ҰСТАЗЫМ – ҰЛАҒАТЫМ

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру және «Педагог мәртебесі» заңының жобасын әзірлеу бойынша баспасөз конференциясы өтіп, онда партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов «Ұстазым – ұлағатым» акциясының бастау алғанын айтты, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

12-25 қарашада өтетін «Ұстазым-ұлағатым» акциясы аясында арнайы құрылған екі жұмысшы топ жоспарға сәйкес елді мекендерде ұстаздармен кездесулер, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, ұсыныстар жинақтайтын болады. Осы уақыт аралығында әлеуметтік желілерде де  ұсыныстар жиналады. Ал әзірленген заң жобасы «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық фракциясына, Білім және ғылым министрлігіне жолданатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close