Басты бетЖаңалықтарСаясатӘлеумет

Үкімет басшысы Жамбыл облысындағы бірқатар нысанды аралады

Үкімет басшысы Жамбыл облысындағы жұмыс сапарында дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернатының жұмысымен танысты. Бұл білім ошағы Елбасының тікелей тапсырмасымен қабылданған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде іске қосылған. Лицей барлық заманауи құрылғылар және озық технологиялармен қамтылған. Тараз қаласының жаңа 14-шағын ауданында орналасқан лицей әзірге 120 орынды болып ашылғанымен, 2019-2020 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 300 орынға кеңейтіледі деп жоспарлануда.

Өңірге жұмыс сапары барысында Бақытжан Сағынтаев Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығында болып, онда жұмыс бағыттарымен танысты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков өңірдегі жұмыспен қамту шараларының жүзеге асуы, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы  және шағын несие беру мен осы орайдағы кездесіп отырған түйткілді мәселелерді баяндап өтті.

Сондай-ақ, Бақытжан Әбдірұлы биыл қайта жаңғыртылған Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақ пен «Желтоқсан» аллеясына, Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжіне, облыстық балалар ауруханасына, «Тараз су» мекемелеріне барды. Және жамбылдық кәсіпкерлермен, білім және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесіп, саладағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңашылдықтар туралы ой бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен тарифтерді төмендету бойынша қолға алынған шаралар жайында жиындар өткізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close