Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖЕРЛЕСТЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін «Баласағұн» орталық концерт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбымен Жерлестер форумы өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өткізілген шарада туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан белсенді тұлғаларға, бизнес өкілдеріне және түрлі ұйымдарға «Жомарт жүрек» сыйлығы табыс етілді. Сондай-ақ, елімізге еңбегі сіңген жамбылдық 8 азаматқа «Аманат» марапаты берілді.

Форумда облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар Кәрібайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Миразова, Қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 3 дүркін Қазақстан барысы, «Еуразия барысы» Бейбіт Ыстыбаев, білікті экономист, меценат  Азаматхан   Әміртай, «RUMI GROUP» мейрамханалар желісінің негізін қалаған кәсіпкер Қуаныш Шоңбай, Қазақстанның Еңбек ері, «Казфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров және тағы басқа азаматтар туған жерге деген лебізін білдірді.

Жиынға, жалпы, мемлекеттік мекемелер, еңбек ұжымдары, ірі кәсіпорындар мен өндіріс басшылары, этномәдени бірлестіктер, спортшылар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Ал кеш соңы өнер жұлдыздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close