Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысы цифрлық хабар тарату жүйесіне көшті

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли мен «Жамбыл облыстық радиотелехабар тарату дирекциясы жөндеу және алдын алу қызметінің» басшысы Қадір Қосақбаевтың қатысуымен облыстық Радиотелевизиялық станциясында цифрлық телевизияны іске қосу рәсімі өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Қ.Қосақбаевтың айтуынша, бұл жүйеге көшу үшін аймақта 2 жыл дайындық жүргізілген. Бұған дейін Таразда аналогтық жүйе арқылы 10 арна көрсетілсе, енді арнайы қабылдағыш құрылғы арқылы 26 арна таратылатын болады. Жалпы, облыста цифрлық эфирлік хабар таратуды енгізу аясында 44 цифрлық таратқыштарды қосу арқылы 43 радиотелевизиялык станциялар салынып, жаңғыртылған. Бұл 377 елді мекенді қамтуға мүмкіндік береді, яғни облыс халқының 99 пайызы цифрлық эфирлік хабар таратумен қамтамасыз етілген.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close