Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет
Жамбыл облысында ірі жол-көлік оқиғасы болды

1-ақпанда «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 552-шақырымында қалың тұманның салдарынан бір бағытта бет алған жеті көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ААЖамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйеніп.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан үш адам ауруханаға түскен, қаза болғандар жоқ. Көліктер айыптұраққа қойылып, қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
