Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғам

Ақынға ескерткіш тақта орнатылды

Жуырда белгілі ақын, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Жақсылық Сәтібековтің Тараз қаласындағы тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Ақын бұл үйде 1969 жылдан бастап, өзі өмірден өткен 2011 жылға дейін тұрған. Жиынға ақынның жары, ұл-қыздары,  туыстары мен ақынның көзін көрген ел азаматтары қатысты. Өз сөзінде Жамбыл облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Жандар Кәрібайұлы Жақсылық Сәтібековтіңақындық және қайраткерлік қасиетіне тоқталып, естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының директоры, ақын Хамит Есаман, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай, ақынның жары Әзиза Қалығұлова сөз сөйлеп, ақын есімі ел есінде мәңгі сақталатынын, Әулиеата өңірі Жақсылық Сәтібековпен мақтанатынын жеткізді. Бұдан кейін ақынның ескерткіш тақтасының салтанатты жағдайда ашылу рәсімі өтті.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close