Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА НАН ҚЫМБАТТАДЫ

Бүгіннен бастап нанның бағасы Таразда 5 теңгеге қымбаттап, 70 теңге болса, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 80 теңгеге дейін жетті, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

  Мойынқұм ауданында наубайхана аз. Бұл мәселеге жауапты мамандар нан бағасының он теңгеге дейін қымбаттауын осындай мәселелермен байланыстырып отыр. Ал облыс орталығына келер болсақ, «Бүгіннен бастап нан бағасы бес теңгеге көтерілді. Қазіргі күні нарықтық бағада еліміздің солтүстік өңірлерінде бидай 75-80 теңгеден болып отыр. Жамбыл облысы бидайдың 70 пайыздан астам көлемін сол солтүстік өңірлерден әкеледі. Бірақ ол кезде ұнның бағасы 70-80 теңге болатын болса, бүгінгі таңда ұнның бағасы 90 теңгеге жетіп қалды», дейді Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев.

  Бүгінде Тараз қаласында 90 мың бөлке нан пісіретін 8 наубайхана бар. Күн сайын 50-55 тонна ұн жұмсалады екен. Тағы бір айта кетерлігі, Жамбыл облысында осыдан екі жыл бұрын нан 55 теңгеден 65 теңгеге көтерілген болатын. Енді бүгін тағы да бес теңгеге қымбаттады.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close