Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғамӘлеумет

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы Талас ауданында да іске асуда

Былтыр «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Жамбыл облысы Талас ауданына келген 17 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 50 млн. 988  мың теңге несие берілді, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Жалпы, Елбасының бастамасымен іске асып жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы еңбек етем деген жастарға мол мүмкіндік сыйлағаны рас. Ал бұл бағдарлама жергілікті жерлерде қалай іске асуда? Мәселен, Жамбыл облысына қарасты Талас ауданын алып қарайтын болсақ, 2018 жылы 27 маманға көтерме жәрдемақы үшін 4 млн. 545 мың теңге берілген екен. Оның ішінде білім беру саласына 17, денсаулық  саласына 4, спортқа 1,  ветеринарияға келген 5 маман бар. Ал тұрғын үй сатып алу үшін  17 маманға 50 млн. 988  мың теңге несие беріліпті. Оның  ішінде білім саласына келген 11, мәдениетке – 1, ветеринарияға – 1, спортқа – 3, денсаулық сақтау саласына – 1 маман бар.

Осылайша, Талас ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа келген әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары толық қарастырылған деуге болады. Бұл дегеніңіз, бағдарлама толықтай жүзеге асып жатыр деген сөз.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close