Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханият

ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ…

Таразда Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған «Есіңе мені алғайсың…» атты әдеби сазды кеш өтті, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ақын Қалқаман Сарин жүргізген кешті Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков ашып, ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен келіні Бақытгүл Айдароваға облыс әкімінің атынан қазақы салт бойынша сый-сияпат көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделхан, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Несіпбек Дәутайұлы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қайырбек Асанов сөз сөйлеп, ақын шығармашылығына тоқталып өтсе, Нұржан Қадірәлі, Марал Хантөре сияқты жас ақындар арнау өлең оқыды. Бұл күні, сондай-ақ, Мұхтар Ниязов, Біржан Байтуов, Рүстем Қайыртайұлы сынды айтыс ақындарының айтысы ұйымдастырылды. Және кеш барысында ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы мен келіні Бақытгүл Айдарова ақын кешін ұйымдастырған әулиеаталық әлеуметке алғысын айтып, «М.Мақатаев атындағы Халықаралық қор» атынан ақын Қайырбек Асанов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали, ақын Қалқаман Сарин және тағы да бірқатар азаматтарды «Мұқағали Мақатаев медалімен» марапаттады. Кеш барысында ақын өлеңдеріне жазылған әндер шырқалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close