Басты бетЖаңалықтар

Жамбылдық полицейлер арасында жарыс өтті

Жуырда Жамбыл облысы Полиция департаментінде полиция қызметкерлері арасында жауынгерлік қарудан ату және нормативтерді орындау бойынша жарыс өтті, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйеніп.

         Басшы құрам арасында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі М.Ережепов үздік нәтиже көрсетсе, ерлер арасында нормативтерді орындауда үздік нәтиже көрсеткені үшін Тараз қаласы Полиция басқармасының Жол-патрульдік полиция батальоны инспекторы, полиция лейтенанты А.Маханбет марапатталды. Әйелдер арасында нормативтерді орындауда Жамбыл облысы Полиция департаменті Техникалық қамтамасыз ету басқармасы технигі, полиция сержанты Д.Борозенцева үздік нәтиже көрсетті.

         Сонымен қатар, ерлер арасында жауынгерлік қарудан бірінші орынды Тараз қаласы Полиция басқармасының Жол-патрульдік полиция батальоны инспекторы, полиция лейтенанты А.Маханбет алды, екінші орынға Мойынқұм аудандық полиция бөлімі полиция капитаны Н.Нұрхожаев шықты, ал үшінші орынға Жамбыл аудандық полиция бөлімі полиция капитаны А.Пазиев орналасты.

         Әйелдер арасында жауынгерлік қарудан атудан бірінші орынға Меркі аудандық полиция бөлімі полиция майоры А.Арибаева ие болды, екінші орынды Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің полиция капитаны О.Семенова алды, ал үшінші орынға Байзақ  аудандық полиция бөлімі полиция лейтенанты А.Амирханова орналасты.

         Жарыс соңында командалық есепте үздік атанып Жамбыл облысы Полиция департаментінің Кадр жұмысы басқармасы бірінші орынға шықты, екінші орынға Тараз қаласы Полиция басқармасының Жол-патрульдік полиция батальоны орналасты, ал үшінші орынды Жамбыл аудандық полиция бөлімі алды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.Ералин марапаттады. Жүлдегерлер арнайы дипломмен және кубокпен марапатталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close