Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысында кәсіпкерлерге сауалнама жүргізілді

Таяуда Жамбыл облысында 4000 кәсіпкерге сауалнама жүргізіліп,  827 кәсіпкер «Atameken Services» порталына тіркелді, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Кейбір бизнес түрлерінің кенжелеп қалуына не себеп? Экспортты ұлғайтып, импортты азайту жолында қандай шараларды қолға алу керек? Осы және өзге де мәселелерді анықтау мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ел көлемінде кәсіпкерлер арасында ауқымды сауалнама ұйымдастырған. «Қаңтар айында Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері арасында жұмыс тобы құрылып, бүгінгі күнге дейін 4000-ға жуық кәсіпкер сауалнамаға қатысты. Сауалнама алты айға жалғасады. Қорытындысы бойынша Жамбыл бизнесін алаңдатқан мәселелер мен түрлі кем-кетіктердің айқын көрінісі белгілі болады. Кәсіпкерлер арасында алғашқы ауқымды сауалнама аясында «Atameken services» порталына 827 бизнес-субъектісі тіркелді», дейді өңірлік палатаның қызметкері А.Батырбекова.
Жаңартылған портал  60-тан астам тегін сервистік қызметті төрт негізгі бағыт бойынша көрсететінін айта кеткен жөн. «Несие агрегаторын» қолданып, кәсіпкерлер онлайн режимінде елдің барлық негізгі банктері мен қаржылық ұйымдарына несие алуға өтінім бере алады. Бизнес білімді кеңейту және қызметкерлерді қайта оқытуда «Atameken.Academy» сервисі жақсы көмекші. Ал кәсіби заңгерлік көмек «Құқықтық қорғау» бөлімінде қолжетімді. Сонымен қатар өтінім берушілерге бизнес-жоба, салықты есептілік, нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу де тегін көрсетіледі.
  Сондай-ақ, өңірлік палатаның кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы да «Atameken Services» қызметіне кәсіпкерлер жүгінеді. Атап айтқанда, көбінде 100-ден астам бухгалтерлік және салықтық есеп, статистикалық есепті құру, 100-ге жуығы маркетингтік сұрақтар бойынша, 20-дан астамы мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша онлайн-порталға өтінім жіберген. 30-дан астам кәсіпкер бүгінде кеңсесі немесе үйден шықпай-ақ дайын бизнес-жоспарды алуға тапсырыс беріп, олардың барлығына  бизнес-жоспарлар әзірленді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close