Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда қайырымдылық дүкені ашылды

Мұқтаж жандар «Өркен-ниет» қайырымдылық дүкенінен өзіне қажетті заттарды тегін ала алады, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА «ZhambylNews»-ке сілтеме жасап.

Ақпан айынан бастап Таразда Ленин көшесі, 97 А және Әл-Фараби, 7 Б мекенжайында қайырымдылық дүкендері ашылды. Ол жерде барлығы тегін беріледі. Ал егер сауапты іске өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, үйіңізде киюге жарамды киім-кешек, тұрмысқа қажетті артық заттар болса дүкенге тапсыруларыңызға болады! Дүкен күнделікті 11.00 мен 17.00 аралығында жұмыс істейді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close