Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда 500-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылады

Биыл Таразда 500-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылады, – деп хабарлайды «Ақпарақ» AA «Хабар 24»ке сілтеме жасап.

Бұл қылмыстың алдын алуға, құқық бұзушылықты дер кезінде анықтауға көмектеседі. Мәселен, жыл басталғалы бері бейнекамералардың көмегімен 65 қылмыс ашылып, 2000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Сондай-ақ 994 жол ережесін бұзу дерегі анықталып, 9 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған. Қазіргі таңда қалада талдау жасалып, құқық бұзушылық ең көп жасалатын орындар анықталды. Жаңадан алынатын бейнекамералар бірінші кезекте шаһардағы мөлтек аудандар, базарлар мен халық көп жиналатын орындарға орнатылады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close