Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғамӘлеумет

КІТАП ОҚЫП, МИЛЛИОНЕР АТАН!

Таразда «Кітап оқып, миллионер бол!» байқауы жарияланғалы біраз уақыт болды. Жастарға үздік жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, әдебиетке баулу мақсатында қалалық «Жамбыл – Тараз» газеті жариялаған байқаудың жалпы жүлде қоры 3 миллион теңге.

Жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы бастаған ақылдастар алқасы 100 кітаптан тұратын тізім жасаған. «Байқауға қатысатын 5-7 сынып оқушылары кемінде 15, 8-11 сынып оқушылары 20 кітапты оқу жылының соңына дейін оқып шығуы тиіс. Бұл межеден асқан адам байқау жеңімпазы атанып, миллион теңге иеленеді. Жеңімпаз оқылған кітаптар бойынша сұрақ қою әдісімен анықталады», – дейді газеттің Бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали. Ал миллионер жеңімпаздың есімі мамыр айында белгілі болмақ.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close