Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет
Шуда тегін дүкен ашылды

Шу қаласында «Аялы алақан» атты әлеуметтік дүкен ашылды. Ол жерде барлығы тегін таратылады, – деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.
«Бітер істің басына, жақсы келер қасына» демекші, аудан басшылығының ұйытқы болуымен және жомарт азаматтардың қолдауымен ашылған әлеуметтік дүкенде мұқтаж жандарға керекті заты тегін беріледі. Дүкенге кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен киімкешек, аяқкиім, ойыншықтар, сонымен қатар азықтүлік және тұрмыстық қажеттілікке керекті заттар қойылған. Ал бұндай сауапты іске өз үлесімді қосамын деген азаматтар болса, үйіндегі артық киімкешек, заттарын дүкенге әкеліп өткізуіне болады.
Әлеуметтік дүкен Сіздерді бейсенбі–жексенбі күндері сағат 10.00–15.00 аралығында Сәтпаев көшесі, Достық сауда үйінің 2–қабатындағы 34–бутикте күтеді.