Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғамӘлеумет

Жамбыл облысында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға 10 жатақхана салынады

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов өңірдегі көпбалалы аналармен кездесті, − деп хабарлайды» Ақпарақ» АА. Тараз қалалық Мәденеиет үйінде өткен кездесуде облыс басшысы өңірдегі  аз қамтылған және көпбалалы аналарға   қажетті көмектер барынша көрсетілетінін, ол үшін биылғы бюджет есебінен 30 миллиард теңге бөлінгенін жеткізді.

         Аймақ басшысының айтуынша, облыста биыл  10 жатақхана салынады. Оның 7-і  облыс орталығынан, 3-і  Шу, Қаратау, Жаңатас қалаларынан бой көтермек. Бұл жатақханалар тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған және  көпбалалы отбасыларды  қамтитын болады. Ал осындай отбасылардан шыққан облыс мектептерінде оқитын 29 мың баланың ыстық тамағына 2 миллиард теңге, мектеп формасын алып беру үшін 500 миллион теңге бөлінбек.  Бұдан бөлек, 23 мың оқушыға жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін жолдама берілмек. 

          Сондай-ақ, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар мен түлектер үшін де айтарлықтай жеңілдіктер жасалады. Айталық, биыл колледждерге бөлінетін 13 мың гранттың 50 пайызы аз қамтылған және көпбалалы отбасының балаларына тиесілі болмақ. Яғни, 6 жарым мыңға жуық студент мемлекет есебінен колледждерде тегін оқытылады. Олардың  шәкіртақысы мен тамақтануына 1,7 миллиард теңге  қаралады. 

         7500 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың коммуналдық  төлемдерін төлеп беру үшін 500 миллион теңге бөлінеді.

         Асқар Исабекұлы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың  70 пайызы ауылда тұратынын ескеріп, оларға демеушілер есебінен қайтарымсыз мал беру шаралары да қарастырылып жатқанын айтты. Сонымен қатар, өңір басшысы әлеуметтік қолдау көрсету үшін құрылатын арнайы комиссия құрамына да барынша көпбалалы аналардың қосылатынын тілге тиек етті.

         Республикалық «Бақытты отбасы» акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету үшін облыстық «Қамқор» жобасы қолға алынған. Оған 1 мыңнан аса еріктілер тартылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close