Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

20 ақпанда Тараз-Мырзатай тасжолында, Байзақ ауданы Көктал ауылынан бір шақырым қашықтықта жол-көлік оқиғасы болып, 4 адам қаза тапты.

 «Nissan Maxima» көлігінің жүргізушісі Тараздан Мырзатай ауылына қарай бара жатып, рульді басқара алмай, қарсы жолақтағы көлікпен – «Audi-80» маркалы автомобильмен соқтығысып, соның салдарынан «Nissan Maxima» автокөлігі өртке оранған. «Audi-80» жүргізушісі мен үш жолаушы сол жерде қаза тапты. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close