Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғамӘлеумет

Таразда жас туристер бас қосты

Жуырда Жамбыл облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Таразда алғаш рет «Тараз жеріне тағзым» атты жас туристер фестивалі өтті, − деп хабарлайды «Ақпарақ» АА.

Үш күнге созылған туризм фестиваліне Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарынан, сондай-ақ, Алматы, Шымкент қалаларынан 14-18 жас аралығындағы 800-ге жуық оқушы қатысты. Фестивальдің алғашқы күні келушілерге арнайы экскурсиялық тур ұйымдастырылды. Аталған шара «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінен басталып, қатысушылар Қарахан, Тектұрмас, Дәуітбек кесенелерімен қатар, «Қазақ хандығына 550 жыл» ескерткішінде және қайта жаңғырған «Жеңіс» саябағында болды. Ал, үшінші күні «Достық» үйінде ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Фестивальдің қорытынды бөлімінде оқушылар арасында сурет және қолөнер жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, «Жас суретші», «Жас ұста» сайыстарының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар арнайы диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close